Елде ерікті және тегін қан тапсыруды насихаттау қазақстандық қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Мұның айқын мысалы - биылғы ерікті қан тапсыру айлығы аясында Денсаулық сақтау министрлігі бастаған ауқымды ұлттық науқан. Осы кезеңде қоғамда өзара көмек, түсіністік және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Донор болыңыз және үміт сыйлаңыз» науқаны басталды. Небәрі бір айдың ішінде шамамен 18 000 азамат қан тапсыруға ерікті түрде ниет білдірді. Мұндай тақырыптық айлықтарды өткізу ел бойынша барлық негізгі денсаулық сақтау ұйымдарында қа...
18 жастағы және одан үлкен кез келген дені сау адам қан мен оның компоненттерін донорлыққа бере алады. Алғашқы жүгіну кезінде донор Бірыңғай донорлық орталықтың компьютерлік дерекқоры арқылы тексеріледі. Содан кейін донорларды терапевт дәрігер қарап, қанның зертханалық тексеруінен өтеді.Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеруден өткен және қан немесе қан компоненттерін тапсырған күндері донор болып табылатын қызметкер жұмыс беруші тарапынан жұмыстан босатылады және оның орташа жалақысы сақталады. Донорлық қызметін жүзеге асырған донорға орта...
14 маусым жыл сайын Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі – бұл күн ерікті түрде қан тапсырып, сол арқылы басқалардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Қан донорлары шынымен де игілікті борышты атқарады: олар күн сайын шұғыл медициналық көмекке, күрделі оталар жүргізуге және онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуге мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалады.Дүниежүзілік қан доноры күні – қан тапсыру секілді игілікті іс жасайтындардың барлығына алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Донорлық қанның мұқтаж жандардың барлығына қолжетімді болуын және қоғамда донорлық мәдениет дам...